Жамбылдық тәртіп сақшылары той серуенінде атыс қаруынан оқ атқандарды ұстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының полиция қызметкерлері жедел басқару орталығы қызметінің көмегімен бұзақылық жасаған азаматтарды қолға түсірді. Бұл туралы мәліметтер бүгін Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Инстаграмдағы парақшасында жарияланды.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, 2017 жылдың 6 тамызы күні, сағат 19-30-дар шамасында жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы «Тектұрмас» көпірінде той серуені кортежінің бір топ жастарын байқайды. Жастардың арасынан екі адам бұзақылық әрекеттерге жол беріп, атыс қаруынан аспанға бірнеше рет оқ атқан.

Жедел басқару орталығы, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, Криминалдық полиция басқармалары мен «Боран-30, 21» жол-шолғыншылар батальоны және Тараз қаласының ІІБ-ның ОП-2 жедел тергеу тобының бұзақыларды табу бағытында жүргізген жұмыстарының нәтижесінде 19 және 20 жастағы Тараз қаласының екі тұрғыны қолға түсті.

Полиция қызметкерлері ұсталған азаматтардың тұрғылықты жерлері бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп, күдіктілердің бірінен 7,62 мм калибрлі «CZ-858» маркілі автоматты тауып, тәркіледі. Қарудың бір ғана оқпаны болған және онда оқ болмаған. Қару ұсталған екеудің бірінің әкесінің атына тіркелген.

Осы оқиға бойынша, қаруды заңсыз тасымалдау және өзімен алып жүру, атыс қаруын қолдану арқылы бір топ адамдардың бұзақылыққа бару әрекеттері бойынша іс қозғалды. Тәркіленген қаруға сараптама тағайындалды. Тергеу барысында күдіктілер істегендерін мойындады және олар Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы кезде тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Жамбылские полицейские задержали хулиганов с помощью камер видеонаблюдения ЦОУ 06.08.2017г. в 19:30 часов инспектором видеонаблюдения ЦОУ по камере наблюдения, на мосту «Тектурмас» была зафиксирована группа молодежи из состава свадебного кортежа, где двое из участников кортежа из хулиганских побуждений произвели несколько выстрелов вверх с огнестрельного оружия. Принятыми мерами сотрудников Управления криминальной полиции, Управления по борьбе с организованной преступностью, Центра оперативного управления, Батальона дорожно-патрульной полиции «Буран-30, 21», следственно-оперативной группы ОП-2 УВД г.Тараз установлены и задержаны двое лиц, 19-ти и 20-ти летние жители города. Полицейскими был произведен обыск по месту жительства лиц, где у одного из подозреваемых был обнаружен и изъят автомат марки «CZ-858» калибра 7,62 мм, с одним магазином, без патронов. Изъятое оружие зарегистрировано за отцом задержанного. Данный факт зарегистрирован в ЕРДР по ст.ст. 287 ч.4, 293 ч.3 УК РК, как незаконное перевозка или ношение оружия, боеприпасов, а также хулиганство, совершенное группой лиц с применением огнестрельного оружия. На изъятое оружие и боеприпасов назначена экспертиза. В ходе допроса оба подозреваемых дали признательные показания, водворены в ИВС города Тараз. В настоящее время ведется досудебное расследование.

Публикация от ДВД Жамбылской области (@pressdvd_zhambyl) Авг 7 2017 в 8:19 PDT