Жамбылдық тұрғын ауласында африкалық түйеқұс пен тауыс және жайын өсіруде

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының тұрғыны Нұрғиса мен Нұрбол Қуанышбаевтар ауласында африкалық түйеқұстарды асырап отыр. Сонымен қатар, үйлерінде әлемдегі ең әдемі құс тауыс пен Африканың алып балықтарының бірі жайынды да өсіруде,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл ауданыШайқорық ауылында тұратын ағайынды Нұрғиса мен Нұрбол Қуанышбаевтардың ауласынакірсеңіз Африка саванналарында жүргендей сезінесіз. Ауыл тұрғындары ауласынзообаққа айналдырғандай. Өйткені, есік алдында бойы екі метрлік түйеқұстаржерсініп үлгерген десек қателеспейміз.

Олар бұлтүйеқұстарды 3 айлығында Алматы арқылы Африкадан алдырған. Ағайынды қос жігітмұндай алып құстарды ауыл тұрмақ, аймақ бойынша алғаш асыраушыларсаналады.

«Түйеқұстардыбіздің өңірде көп адам асырай бермейді. Осыны алып көрсек па деген мақсатта асырап жатырмыз. Күніне 10-15 келітамақ тұтынады. Бір сиырдың жем-шөбін жеп қояды. Бірақ, сиырдың етіне қарағандаеті қымбат. Түйетауықтың еті Алматыда келісі 7-8 мың теңге. Бұлардың біреуі 3-4жылда 150 кг ет береді. 3 жылдан кейін 10-15 жұмыртқадан беріп бастайды, жылсайын көбейте береді»,- дейді Нұрғиса Қуанышбаев.

Сондай-ақ, оныңайтуынша, бүгінде салмағы 70 келіге жеткен алып құстар аса бір қамқорлықтықажет етпейді екен. Аумағы шағын, ашық алаңқайда жүре береді. Күн көзі күртсуыса да тез тоңа қоймайды. Бір қызығы бұлардың аталығы мен аналығын ажыратумүмкін емес. Оны білу үшін тағы 1 жыл керек көрінеді.

Айта кетейік,Нұрғиса мен Нұрбол қарақұрлықтыңқұстарымен қоса әлемдегі ең әдемі құс Үндістан тауысын да асырайды.

«Енді бұлбіздің арманымыз болғандықтан арманымызға жетіп отырмыз. Хоббиіміз десек теболады. Бұл құстармен біз пайда көруді мақсат тұтпаймыз. Келешекте Үкіметтенкөмек боп жатса нұр үстіне нұр болар еді. Басқа да құстар алып келсек депотырмыз»,- дейді Нұрбол Қуанышбай.

Ол ғана емес,Қуанышбаевтардың қолдан жасалған бассейндерінде Африканың жайындары да бар.Көпшілік тек көгілдір экраннан ғана көретін жайындардың ұзын-саны 70-тен асады.Қазір салмағы 2 келі болатын аналық жайындар тоғанға жіберілген. Олар кейін20-30 келіге жететін көрінеді.

Осындай ерекшебастаманы қолға алған ағайынды ауылдықтар алдағы уақытта ауылдағы ауласынафрикалық зообаққа айналдыруға ниетті.

Соңғы жаңалықтар