Жамбылдықтар Алматы тұрғындарына қысқа азық-түлік қорын қамдауға көмектесті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Астана» алаңында Тараз бен Жамбыл облысының 10 ауданының кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жәрмеңкеге Алматы қаласының да 40 сауда және тағам кәсіпорындары да қатысуда.   

Қала тұрғындарына жалпы көлемі 225 тонна 50-ден астам тауар түрлері, оны ішінде , 42 тонна ет,  16 тонна сүт, 152 тонна көкөніс-жеміс өнімдері мен басқа да түрлі азық-түліктер ұсынылды.  

 

Алматыда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері соңғы сегіз жыл ішінде өткізіліп жүр. Олардың мақсаты - қаланың азық-түлік нарығындағы бағаны тұрақтандыру.  Жәрмеңкеде сатылатын өнімдер бағасы  орташа нарықтағылардан 15-20%-ға төмен.