Қала тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін арзан бағамен сатып алу мүмкіндігіне тағы да ие болды.
Астана қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, бұл жәрмеңкеде Жамбыл облысы тауар өндірушілері 100 тоннадан астам азық-түлік өнімін ұсынды.
Жәрмеңкедегі тауар бағалары нарықтағы бағадан 15-20% арзан болды. Мысалы, сарымсақтың бір келісі 40 теңге, картоп 55 теңге, қарбыз 25 теңге, қант - 150 теңгеден сатылды.
Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкелері қыркүйектің 22 дейін жалғасады, деп хабарлайды astana.kz.