Естеріңізге сала кетейік, 26 жасар Ақжүрек Таңатаров Лондонда өткен Олимпиадада еркін күрестен 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын.
Спортшының ендігі жоспары - 2013 жылы қыркүйекте Әзірбайжанда өтетін әлем чемпионатына, сондай-ақ халықаралық турнирлер мен Әлем кубогына қатысу.
«Өзімнің дайындық деңгейімді әлем чемпионатында сынап көрмекпін, чемпион атануды көздеп отырмын», - деді А. Таңатаров.
2012 жылғы жамбылдық еркін күрес шеберлерінің өнер көрсетуіне баға берген ол Жамбыл облысы тарихында бұған дейін мұндай жемісті жыл болған емес деп тоқталып кетті.
21:04, 08 Қаңтар 2013
Жамбылдықтар Лондон Олимпиадасының жүлдегері Ақжүрек Таңатаровты «Жыл спортшысы» атады
ТАРАЗ. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - «Жыл спортшысын» анықтау кезінде жамбылдықтардың басым бөлігінің таңдауы Олимпиада жүлдегері Ақжүрек Таңатаровқа түсті. Облыстық «Знамя труда» газетінің өңір тұрғындары арасында жүргізген дауыс беру нәтижесі осыны көрсетіп отыр.