Жамбылдықтар жол ережесін алты күнде 5 мың рет бұзған

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасының алты күнінде жолдағы тәртіпті бұзудың 5 мыңға жуық фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 21-27 қазан аралығында өткен шара мақсаты – облыс аумағында жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол ережелерін бұзудың алдын алу.

«Алты күннің ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 4965 дерегі анықталды. Оның 900-ден астамы – жаяу жүргіншілер жолағында жылдамдықты арттыру, 500-ге жуығы – қауiпсiздiк белдіктерiн пайдаланбау, 737-сі жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол ережелерін бұзу оқиғалары. Сондай-ақ, 416 жүргізуші маневр ережесін бұзғандығы, 300-ден астамы қозғалыс үстінде телефонды немесе радиостанцияны пайдаланғаны белгілі болды», - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, шара барысында 113 көлік айыппұл тұрағына тоғытылған.

Соңғы жаңалықтар