Жамбылдықтардың әрбір үшіншісі шылымды тастағысы келеді, әрбір бесіншісі дене жаттығуын жасайды

ТАРАЗ. 29 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - «Жамбыл облысы іскер әйелдерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің бастамасы бойынша жүргізілген әлеуметтік сауалнама өңірдің халқы өз денсаулығына қаншалықты мұқият қарайтынын және халық салауаты өмір салты мәселелері туралы қаншалықты ақпараттанғанын көрсетті.

Салауатты өмір салтын насихаттау жобасының жетекшісі Светлана Клепиковоның ақпараты бойынша, сауалнамаға қатысқандардың әрбір үшіншісі шылымды қалай тастауды, ал әрбір төртіншісі спирттік ішімдікке әуестіктен қалай арылуды білгісі келеді. Тек әрбір бесіншісі дене жаттығуын жасап, спорттық залдарға барады.

Облыстағы іскер әйелдер қауымдастығының қамқорлығымен өткен жылы салауаты өмір салтын насихаттайтын бірқатар іс-шаралар өткізілді. Олар: «Әкем, анам және мен - салауатты отбасымыз», «Салауатты өмір салтын құптаймыз!» атты бұқаралық акция, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» облыстық конференциясы және т.б. Бұл шараларға мыңнан астам жамбылдықтар қатысты.