14 ақпан күні облыс аумағына жауған қар межеден асты және облыс орталығы мен аудандардағы қар жабыны 45-50 сантиметрге жетті. Транзиттік жолаушылар қар құрсауына қалып қойды, республикалық маңызы бар автожол бөліктерінде қозғалыс тоқтады.
Одан кейін өңір аумағына орнаған нөлден жоғары температура ( 8 градусқа дейін) қардың еруіне әкеп соқты. Оның үстіне, синоптиктердің болжауынша, жақын күндері жаңбыр жаууы мүмкін.
«Қазгидромет» РМК алдын ала ескертуіне сәйкес, - делінген Жамбыл облыстық ТЖД хабарламасында, - жақын күндері, 17 ақпанда мол жауын-шашынның күтілуінен Жамбыл облысындағы таудың етегіндегі өзендерге жиналған еріген қар мен жауын-шашын сулары беткейге қарай ағуы мүмкін».