АСТАНА. KAZINFORM - Біріккен Күрес әлемі ұйымы әйелдер күресінен жаңартылған рейтинг нұсқасын жариялады.
Қазақстандық спортшы Жәмила Бақбергенова 51 мың ұпаймен 72 келі салмақта әлемдік рейтингте бірінші орында тұр. Ол бұл орында биылғы жылдың сәуір айынан бастап көшбасшы болып келеді.
Жәмила Бақбергенова 1996 жылы дүниеге келген. Отандасымыз қазірге дейін құрлықтық додада алты мәрте жүлдеге ілікті. 2020, 2022, 2023, 2025 жылдарда жеңіс тұғырына көтерілсе, 2021 жылы күміс, 2019 жылы қола жүлдегер атанды.
Спорттық жолында ол 2021, 2022 және 2024 жылдары әлем біріншілігінің күміс жүлдегері болды.
Екінші орынға 45 мың ұпаймен жапониялық Ади Иши жайғасса, үздік үштікті 34700 ұпаймен моңғолиялық Болортунгалаг Зоригт түйіндеп тұр.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.