АСТАНА. ҚазАқпарат - Азия бірлескен күрес әлемі (UWW Asia) 2022 жылдың үздік балуандарын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық Жәмила Бақбергенова Әйелдер күресі аталымы бойынша Азияның үздік балуаны атанды.
Азия чемпионы, әлем біріншілігінің екі дүркін күміс жүлдегері Ж.Бақбергенова сондай-ақ жуырда Қазақстан бойынша «Жылдың үздік спортшысы» атанған еді.
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-дан мәлім еткеніндей, қырғызстандық Ақжол Махмұдов грек-рим күресінен үздік шықты. Ал жапониялық Таиси Нарикуни еркін күрестен үздік деп танылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын балуан қыз Жәмила Бақбергенова «Жылдың үздік спортшысы» атанғанын жазған болатынбыз.
Фото: www.instagram.com/uww.asia
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).