Жан басынақаржыландыру жүйесі елорданың 80 мектебіне енгізілген болатын. Қалалық білімберу басқармасының басшысы БАҚ өкілдерімен өткен брифигте соның нәтижелеріменбөлісті.
«Мамандандырылғанжәне дарынды балаларға арналған 5 білім ошағынан басқа мектептердің бәріне бұлжүйе енгізілген. Жүйеге көшкен мектептерде бірден жағымды ахуал байқалды. Еңбастысы, мектеп басшылығы қаржыны нақты жоспарлауға мүмкіндік алды. Өйткені,жоғарыдан қанша бөлер екен деп күтіп отырмай, оқушы санына қарай алдын алаесептей алады. Материалдық-техникалық жабдықтау мәселесінде алға жылжу бар.Мектептерге 2000-нан астам компьютер сатып алынды. Тек компьютерлік сыныптарғана емес, мұғалімдер де компьютер тапшылығынан құтылып жатыр. Бұл саладағыөзекті мәселенің бірі болатын. Бұдан бөлек 36 зертхана жүйесі алынды. Барлық мектептер100 пайыз робот техникасымен жабдықталды. 300-ден астам интерактивті тақтаорнатылды. Осының бәрі жан басына қаржыландырудың арқасында келген игіліктер»,- дейді ол.
Басқарма басшысыалдағы уақытта мектеп бюджетін жоспарлауға қамқоршылық кеңестер арқылыата-аналар да тартылатынын айтады.
«Ата-аналардабюджетті бөлуге қатысатын болады. Жаңа оқу жылында 15 мектеп басқарудың жаңақалыбына көшеді. Бұрын олар мемлекеттік мекеме болса, енді шаруашылық жүргізугеқұқылы кәсіпорынға айналады. Осының арқасында мектеп штаттық жүктеме менеңбекақы көлемін өздері белгілейтін болады. Одан кейін, бұл мектептер жылдықбюджетті игеру міндетінен босатылады. Яғни, биыл бюджет толық игерілмей қалса,мектеп қорында қала береді. Бұрынғыдай игерілмеген ақшаны қайтару деген мәселеболмайды. Үнемделген қаржыны жылдар бойы жинақтап, күрделі жөндеу жүргізеалады», - дейді ол.
Басқармабасшысының айтуынша, соған қарамастан, ата-аналардан ақша жинау бойыншашағымдар толастамаған.
«Барлық шағымдарбойынша комиссия құрып тексердік. Мұндай жағдайдың бәрінде ақшаны ата-аналаркомитеті жинаған болып шығады. Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшісі бұлжайттан хабарымыз жоқ дейді. Барлық ата-ана мектеп директорының тиістібұйрығымен таныстым деп қол қойса да, осындай жағдайлар орын алған. Шарттытүрде алсақ, ақша жинау түрлі шаралар мен сыйлыққа деп жиналады. Ата-аналар бірнәрсені ұмытпауы керек. Мұғалімге деп жинаған сыйлық оның абыройына нұқсанкелтіретін болады», - деді Әнуар Жанғозин.