Жан-Клод Ван Дамм жүрек талмасымен ауруханаға түсіп қалды

АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат - Атақты әртіс Жан-Клод Ван Дамм жүрек талмасымен ауруханаға түсіп қалды. Киноактер өзінің жаңа «Қару» фильмінің түсірілімі кезінде ауруханадан бір-ақ шыққан, деп хабарлайды MTV телеарнасы.

Жүрек талмасымен ол кино түсіріліп жатқан Жаңа Орлеандағы ауруханаға жеткізілген. Ван Дамның ауруханада аз ғана уақыт болып, одан кейін сауығу үшін Бельгиядағы үйіне оралғаны айтылып отыр. Актердың өкілдері, атақты әртістің денсаулығы қазір қалыпты екенін айтуда. Жақында 50 жасқа толған актердың жағдайы жаңа фильмнің түсірілу кестесіне қандай өзгеріс енгізетіні әзірге белгісіз, дейді олар.

Жаңадан түсіріліп жатқан «Қару» фильмі - есірткі картелінің көзін жою үшін күштерін біріктірген жалдамалы екі кісі өлтіруші туралы оқиғаға негізделген.