Жан Кособуцкий АҚШ-та алғашқы жекпе-жегін өткізеді
15:04, 25 Шілде 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат – 26 тамызда аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО) Талсада (АҚШ, Оклахома штаты) жекпе-жек өткізеді. Бұл оның Штаттардағы дебюті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Оның кездесуі ESPN-дегі Top Rank бокс кешінің негізгі жекпе-жегінің бірі болмақ. Боксшы Нигерия өкілі Эфе Аджагбоймен (17-1, 13 КО) жұдырықтасады.
Қазақстандық көрермен жекпе-жекті 27 тамыз күні таңертең тамашалай алады. Жекпе-жек Астана уақытымен 08:30-да басталады.
Мэйн-ивентте аса ауыр салмақтағы америкалық боксшы Джаред Андерсон (15-0, 14 КО) мен украиналық спортшы Андрей Руденко (35-6, 21 КО) жұдырықтасады. Сонымен қатар, шоу барысында өзбекстандық танымал ауыр салмақ шебері Баходир Джалолов (12-0, 12 КО) өзінің кезекті кәсіби жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы – нигериялық Онориоде Эхвариеме (20-2, 19 КО).