BoxRec.com беделді порталы алдағы айқасқа бес жұлдыздың үшеуін берді.
Қазіргі уақытта бұл - Кособуцкийдің мансабындағы ең жоғарғы баға, бұған дейін ол «екі жұлдызды» айқастар өткізіп келді.
BoxRec жекпе-жек рейтингіне бірнеше фактор ықпал етеді: қарсылас деңгейі, бокс кешінің мәртебесі, сондай-ақ бәске қойылған титулдардың маңыздылығы.
26 тамыздағы шоудың басты оқиғасында аса ауыр салмақтағы тағы бір жекпе-жек өтеді: америкалық Джаред Андерсон (15-0, 14 КО) мен украиналық Андрей Руденко (35-6, 21 КО) айқасы.