«Жан жылуы» қайырымдылық шарасының қорытындысы бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларға 1,5 миллион теңге жиналды

АЛМАТЫ. Қазанның 23-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Кеше М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы «Жан жылуы» атты қайырымдылық концерт өткізіп, қорытындысы бойынша бүгін мүмкіндігі шектеулі Аружан Ғиниятоваға 207 мың 200 теңге, Бағдаулет Дөненбаевқа 527 мың 488 теңге жинап берді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан» ұлттық телеарнасында қазан айының 10-ынан бері «Жан жылуы» әлеуметтік бағдарламасы эфирге шыққан болатын. Бағдарламаның мақсаты - мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы төмен, сондай-ақ жетім балалар мен жалғыз басты, көп балалы аналарға көмек көрсету.

 Шараның қоррытындысы бойынша, «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Жан жылуы» бағдарламасы арқылы қалың көпшіліктен көмек сұраған сәби Бағдаулет Дөненбаевтың көзіне Санк-Петербург қаласында және 9 жастағы  атыраулық Аружан Ғиниятованың жүрегіне және екі аяғына бірдей Түркияда операция жасалу жоспарлануда. Акциядан түскен қаржы аталған балалардың есеп-шоттарына аударылды.