Атап айтсақ, белсенділер «Время истекло» жобасы шеңберінде азық-түлік дүкендерін тексеріп, мерзімі өткен тауарларды анықтауға кіріскен.
Белсенділер жоба шеңберінде Қарасай батыр көшесі, 119 к1 мекен-жайында орналасқан «Наурыз маркет» дүкенінде болып, бүлінген өнімдерді арбаға жинады.
Аталған дүкенде жарамдылық мерзімі өткен тауарлардың сатылуы бірінші рет тіркеліп отырған жоқ. Алғашқыда дүкен басшылығы жағдайды түзетуге уәде берген болатын. Қайта тексеру кезінде белсенділер оның өз сөзінде тұрмағанына көз жеткізген. Сорақысы сол, шіріген шұжық, көгерген нан, қышқыл сүт өнімдері «Наурыз маркет» сөрелеріне қойылған.
«Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері алдағы уақытта тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында мұндай жобалар жалғасын табатынын алға тартып отыр.