«Жаңа адамдар» белсенділері & елорда әкімдігі: заңсыз тасталған қоқыспен күрес

АСТАНА. KAZINFORM — «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері Астанада заңсыз тасталған қоқыс үйіндісін жоюға қол жеткізді.

Фото: Видеодан скрин

Биыл сәуірде «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері Астанадағы Ұлы дала даңғылы бойында орналасқан «Айва» тұрғын үй кешенінің жанында құрылыс және тұрмыс қалдықтары заңсыз төгілген қоқыс алаңын анықтады. Қоқысты белгісіз адамдар күн сайын әкеліп төгіп отырған, ал сол жердегі жұмысшылар қоқысты жай ғана топырақпен араластырып көмген. Салдары экологиялық қауіпке алып келді.

Жаңа адамдар белсенділері жүргізген тергеу жұмыстары БАҚ пен әлеуметтік желілерде дау тудырды. Алайда белсенділер мұнымен шектелмей, жағдайға араласу ұсынысымен әкімдікке жүгінді.

Еске салайық, жыл басында Президент «Жаңа адамдар» жастар форумында сөз сөйледі. 

Айта кетсек, сәуірде елорданың Есіл ауданында бір жерге бес рет заңсыз қоқыс тастау фактісі тіркелгені туралы жазған едік.