«Жаңа Адамдар» көпшілік алдында орынсыз сөйлеген танымал тұлғаларды сынады

«Жаңа Адамдар» жастар қозғалысының белсенділері  көпшілік алдынға орынсыз сөз айтқан танымал тұлғаларды сынға алды, деп хабарлайды  Kazinform. 

Фото: «Жаңа Адамдар» жастар қозғалысы

«Күлкі – күнделікті күйзелістердің кесірінен туындайтын кернеуді жоюға және демалуға көмектесетін керемет антидепрессант. Стендаперлер мен комиктер өз әзілдерімен бізді жиі күлдіреді. Алайда соңғы уақытта қоғам қайраткерлері, депутаттар мен көпшілікке танымал тұлғалар юмористтердің жұмысын атқара бастағандай», - дейді белсенділер.

Олардың сөзінше, қымбат костюмдегі салмақты адамдар өзекті мәселелер жайлы өз пікірлерін айтып, қоғамның алдында сайқымазаққа айналып жатыр. 

Фото: «Жаңа Адамдар» жастар қозғалысы

«Жаңа Адамдар мұндай «әртістерді» «Абсурд аттракционында» жариялап, жұртты күлдірген болатын. Кез келген адам айналмалы блок түріндегі «нысанға» арнайы жәрмеңкелік допты атып, әйгілі тұлғаның ақылға сыймайтын дәйексөзін көре алған. Бұл сөздерді көпшілік алдында ересек адамдар айтқан. Айтылған сөздердің авторлары маңызды бір тақырыпты талқылағандарына немесе белгілі бір мәселенің шешілуі бойынша тиімді кеңес бергендеріне өте сенімді. Алайда олардың бүкіл сөзі күлкіден басқа эмоцияларды шақыра алмайтыны анық», - делінген хабарламада.

Белсенділер аталған тақырыпқа қатысты бірнеше мысал да келтірген.

«Өздеріңіз қараңыздар, журналист Меруерт Әйтенова бақытсыз некеге ұшыраған жандар туралы: «Мен ажырасқан әйелдерді жек көремін, олардың қасында тіпті отырғым да келмейді» деп айтқан. Тағы бір мысал. Бұрынғы депутат Еділ Жаңбыршин: «Қазақтарда, еркек бар жерде, әйелдің сөз айтуға құқығы жоқ» деп Қазақстан саясатындағы гендерлік теңдік туралы осындай пікірін қалдырған. Павлодардың қалалық мәслихатының депутаты, Гүлжайна Даримова тұрмысы нашар отбасыларда тәрбиеленетін балалар туралы: «Осы балалар кешке жақын үйде болып-болмағанын тексеру керек немесе олардың мекенжайын біліп алу үшін, денелеріне чип жапсыруға болады. Мен болсам, осы балаларға чип орнатып қояр едім» деген ұсыныспен бөліскен. Біраз уақыттан кейін де, осы «комиктердің» ешқайсысы ақылға қонымсыз сөздері үшін кешірім сұрамай, бұны тіпті мойындауға құлқы жоқ. Ең қорқыныштысы, осы атап өтілген және басқа да көптеген қоғам қайраткерлері, «Абсурд аттракционына» жеткізген көзқарастарын ұстанып, маңызды мемлекеттік және қоғамдық істерді жүргізуді жалғастырып жатыр», - дейді белсенділер.

Жаңа Адамдар мемлекеттегі бүкіл қоғам қайраткерлеріне қандай да бір дүниені жарияламас бұрын, үш рет ойлауға кеңес берді. Өйткені осы тұлғалардың сөздері мен шешімдері қарапайым адамдардың өміріне тікелей әсер етеді.