Аудан әкімінің айтуынша, қазіргі таңда «Думан» ықшам ауданында 19 км сумен жабдықтау және 25,5 км су бұру желілерін төсеу жұмыстары аяқталды. 1505 үй сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылған. Барлығы 1586 үй қосылатын болады.
«Көлсай» ықшам ауданында 15 шақырымнан астам инженерлік желілер тартылды. 68 үй суға қосылды, 315 үйді сумен қамтамасыз ету жоспарда бар. «Мұзтау» ықшам ауданында ұзындығы 16,7 км сумен жабдықтау және су бұрудың инженерлік желілерін төсеу жұмыстары жүргізілді.
«Каменское плато» ықшам ауданында инженерлік желілер жүргізіле бастады. Мұнда жалпы сомасы 300 млн теңгеге резервуар салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ұзындығы 15,5 км желілерді салу жоспарлануда, іске асыру мерзімі – 2022 жыл.
Алдағы жылы С. Нұрмағамбетов, Р. Бағланова, Т. Бигелдинов, Маңғыстау, Радлов, Трофимов, Сахариев, Хмелев, Топорков, Максимов, Домбыра, Бастыр, Орманов, Базарбаев көшелерінде су бұру желілерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда. Сондай-ақ, жергілікті органдар Иштван Қоңыр, Таиров, Кәрімбаев-1 және Кәрімбаев-2 көшелерінде тұратын «Думан» ықшам ауданының (81 үй) тұрғындарын суға қосуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі №44 бастауға көтерілетін НС-1 (сорғы станциясы) жерасты көздерімен су тарту ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Тәтібеков көшесінің бойында параллель көшелерді қоса отырып, кәріз желілерін салу бойынша ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда.
Сөзінің соңында Медеу ауданының әкімі «Кеңсай», «Сұлусай» және «4 бірлестік» ықшам аудандарында 1023 үйдің газға қосылғанын хабарлады.