«Өткен жылдың тамызынан бастап ұн экспортының көлемі төмендеп келеді. Атап айтқанда, бұл үдеріс жаңа астық шыққанға дейін жалғасуы мүмкін»,- деді Е. Ган.
Оның пайымдауынша, алдағы жаңа астықтан кейін бұл жағдай түзеледі. Алайда, негізгі үрдістер сақталуы ықтимал.
Е. Ганның сөзіне қарағанда, 2010 жылдағы ұн экспорты көлемінің бүгінде 61 пайызы орындалды. Ал 39 пайызға жуық экспорттың төмендеуі орын алған. «Атап айтқанда, Ауғанстан бойынша экспорт ауқымды көлемде азайды. Сонымен қатар Өзбекстан және Тәжікстан нарықтарында біршама төмендеді»,-деді ол. Елімізде өндірілген ұнның 95 пайыздан астамы аталған елдерге экспортталатын көрінеді.
«Астық экспортында 2009 жылы ұнның үлесі 49 пайызды, 2010 жылы 37 пайызды құрады. Ал қазіргі кезде бұл көрсеткіш жоғары. Бүгінде Қазақстан астықтың жартысын өңделген түрде жеткізеді»,-деді ол.
Аталған жиын барысында Е. Ган гуманитарлық көмек ретінде тауарды астық түрінде емес, керісінше ұн күйінде жеткізу керек. Себебі, бұл отандық диірмендердің жұмысын ынталандыруға мүмкіндік береді.
Оның айтуынша, енді жаңа нарықтарға жол ашу керек. Бұл бағытта «KAZNEX INVEST» бойынша қолдау көрсетудің жаңа бағдарламасы іске қосылуы қажет.