АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Сочи» командасына қарсы өткізеді.
Ойын елорда уақытымен 19:00-дe басталады.
Екі команда бұған дейін 20 мәрте кездескен. Оның 13-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен. Кейінгі үш кездесуде қазақстандық клуб аталған қарсыласынан басым түсті.
Қазақстандық команда бұдан кейінгі екі ойынын да Астанада өткізеді. Алдымен 28 қыркүйекте Ресейдің «Витязь» (Подольск) командасымен кездессе, 30 қыркүйекте «Торпедо» (Нижний Новгород) командасымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» командасының бас бапкері Дэвид Немировски қызметінен кетті. Сондай-ақ оның орнына ресейлік маман Вячеслав Буцаев тағайындалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.