«Жаңа Бестам» ЖШС күріштің әр гектарынан 62 центнерден жоғары өнім алды - Қызылорда облысы
09:58, 16 Қыркүйек 2010
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 16-cы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы «Жаңа Бестам» ЖШС-не қарасты №2-ші бригада «Маржан» күріш сұрыбының әр гектарынан 62 центнерден жоғары өнім алды.
Биыл серіктестік 50 гектар алқапқа дән сепкен болатын. Осылайша Күзенбай Тұрмантайұлы басқаратын өндірістік бригада абырой биігінен көрініп отыр.