Бұл Экокодекстің жаңалықтары туралы толық ақпарат алуда халыққа ыңғайлы болу үшін жасалды. Байланыс номерлері : 7 778 888 11 57/ 7 7172 740218.
Азаматтар ресми сұрау жібермей-ақ, «жедел желіге» жүгіну арқылы құжаттың баптарына, тармақтары мен нормаларына қатысты түсініктеме ала алады. «Жедел желі» жұмыс күндері сағат 18.30-ға дейін жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 2 қаңтарында Мемлекет басшысы жаңа Экологиялық кодекске қол қойды. Құжат өмір сүруге қолайлы ортаны қамтамасыз ету, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы кәсіпкерлік қызметті реттеу мақсатында адамның өмірі мен денсаулығына ерекше назар аударады.
10:29, 12 Сәуір 2021
Жаңа Экологиялық кодекс мәселелері бойынша «жедел желі» іске қосылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жаңа Экологиялық кодекстің нормаларын қолданысқа енгізуге байланысты барлық сұрақтарға тез арада жауап беруге арналған «жедел желіні» іске қосты.