Жаңа экономикалық саясат кәсіпкерлікті дамытуға серпін бермек - Ақтөбедегі ЭМБ жетекшісі
22:15, 17 Қараша 2014
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты кәсіпкерлікті дамытуға, ауқымды жобаларды жүзеге асыруға, халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған өзекті бағдарламалардың біріне айналады, - деп есептейді «Назгум» этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі, ҚХА мүшесі Тілепжан Ибрагимов.
- Жаңа жолдардың салынуы, өңірлердің инфрақұрылымын дамыту жұмыс орындарымен, кәсіпорындарға түсетін тапсырыстармен қамтамасыз етіп, ел экономикасының төмендемеуіне септеседі. Кәсіпкерліктің дамуына серпін береді. Ел Президенті алға қойған мақсаттарға қол жеткізудің негізгі факторы - біздің бірлігіміз, ұлтаралық келісім, толеранттылық екенін тағы бір мәрте атап өтті, - деді Т.Ибрагимов.
Елбасының көреген саясатының арқасында Қазақстанда көпұлтты қоғамның дамуына қолайлы жағдайлар жасалған.
- Мұндай елде тұратын әрбір азамат болашағына сеніммен қарайды. Біз толерантты, мүмкіндіктері тең, этникалық белгілері бойынша құқығы тапталмайтын қоғам құрып жатырмыз. -деп қосты ол.