Жаңа функция: ChatGPT онлайн-шопинг пен презентация жасауы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM — ChatGPT енді интернет-дүкеннен сатып алуды жүзеге асыра алады және PowerPoint презентацияларын жасайды, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.
OpenAI компаниясы ChatGPT платформасына онлайн-шопинг және презентация жобаларын жасау мүмкіндігін беретін жаңа функция — ChatGPT Agent-ті іске қосты.
Жаңа құрал қазіргі уақытта Pro, Plus және Team жазылушыларына қолжетімді. Компания алдағы жазда корпоративтік және білім беру тұтынушыларына да ашуды жоспарлап отыр.
ChatGPT Agent интернетті қарауға, мәтін теруге, сілтемелерді ашуға және толыққанды онлайн зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл қызмет OpenAI-дің бұрынғы кезеңдегі Operator мен Deep Research құралдары мүмкіндіктерін біріктіреді.
Қауіпсіздік мақсатында құрал кейбір әрекеттерге шектеулер қояды: мысалы, қаржылық немесе заңдық тапсырмаларды орындамайды. Сонымен қатар сатып алу алдында пайдаланушының рұқсатын талап етеді.
Бұған дейін Қазақстанда ұлттық стандарт жобаларын сараптау үдерісіне жасанды интеллектіні қолдану жоспарланып отырғаны хабарланды.