Immersion - сымсыз Bluetooth-гарнитурасы, ол адамның жүрек қағысын белгілеп отырады. Оның принципі мынандай: егер ойыншы ойын барысында бір жерден сүрініп, оны қайтадан бірнеше рет ойнай берсе, оның тамыр соғуы жиілеп, құрылғы ойынды одан сайын күрделендіре түседі. Бұл, бір жағынан, қисынсыз болып көрінуі мүмкін, оның түпкі мақсаты мынада: бұл әдіс ойыншыға өз ашуын ұстауға үйретеді. Себебі адам ашуланған сайын, ойынды жеңу мүмкіндігі азая түседі. Демек ол жеңу үшін өзін-өзі ұстауға тырысады. Immersion әзірге сатылымға шыққан жоқ. Оған қоса, ойыншылардың құрылғының бұл қызметін қалай қабылдайтыны әзірге белгісіз.
04:24, 26 Қаңтар 2014
Жаңа гаджет баланы видеоойындарға бола ашуланбауға үйретеді
АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Дизайнер Сэм Мэтсон видеоойыншылардың ашуланшақтығын қалай басуға болатынын ойлап тапты.