«Алтел» АҚ-ның абоненттері дауыстық байланыс пен 4G жоғары жылдамдықтағы интернетті бір мезгілде қолдана алады, себебі бұл 2G/3G/4G технологияларын бір мезгілде қолдайтын еліміздегі алғашқы конвергентті желі. Бұл желі Астана, Алматы қалаларымен қатар, Қазақстанның алты облыс орталығында - Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Шымкент және Өскеменде іске қосылды. Ағымдағы жылдың қыркүйегінде «Алтел»АҚ-ы Тараз, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Петропавл, Талдықорған және Орал қалаларын аталған желімен қамтамасыз етуді көздеп отыр», - делінген ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінде.
2014 жылдың соңында тұрғындар саны 50 000 нан асатын еліміздің барлық қаласынды LTE/UMTS/GSM технологияларының базасындағы байланыс қолжетімді болады деп күтілуде.
Таныстырылым барысында ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиевтің атап өтуінше, жаңа GSM-операторының пайда болуы байланыс саласының нарығында бәсекелестікті дамытуға күшті серпін бермек, бұл өз кезегінде қызмет сапасының артуы мен тарифтердің төмендеуіне ықпал етеді.
«Алтел» АҚ - «Қазақтелеком» АҚ-ның еншілес компаниясы, 1994 жылдан бері республика аумағында мобильді байланыс қызметін ұсынып келеді. Осыдан 20 жыл бұрын компания ұялы байланыс қызметін қазақстандықтарға бірінші болып ұсынды, кейін EVDO (3G) стандартын алғашқылардың бірі болып енгізді.
Айта кетейік, Қазақстанның ұялы байланыс нарығында бүгінгі күнге дейін үш GSM-операторлары («Кселл»АҚ, «КаР-Тел» және «Мобайл Телеком-Сервис»ЖШС) өз қызметтерін ұсынып келді. Енді олардың қатарына «Алтел» АҚ-ның осындай байланысы іске қосылды.