Оның сөзіне қарағанда, Мемлекет басшысының бастамасымен дүниеге келген халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу университеті - Еуразия кеңістігіндегі жетекші оқу орындарының бірі болуы керек және ол бәсекеге қабілетті адам капиталын дамытып, еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруға өзіндік үлесін қосуы тиіс. «Әлемдік деңгейдегі университеттер әдетте өзінің ғылымның түрлі салаларындағы зерттеулерімен танымал. Ал Назарбаев университеті зерттеу университеті болуы тиіс. Оның аясында қазір 3 ғылыми орталық ашылады деп күтілуде. Қазіргі таңда бұл бағытта үлкен жұмыстар атқарылуда. Университеттің шетелдік әріптестері аз емес. Меніңше, біз алдағы уақытта аталмыш оқу орнын үлкен биіктерге көтереміз», деді Үкімет басшысының орынбасары.
13:00, 06 Қазан 2010
Жаңа инновациялық жобаны жүзеге асыру ісінде Назарбаев университетінің рөлі зор болмақ - Вице-Премьер
азанның 6-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Елімізде жаңа инновациялық жобаны жүзеге асыру ісінде Астанадағы Назарбаев университетінің атқаратын рөлі зор болмақ. Бұл туралы бүгін «Технологияларды коммерциализациялау» жобасын Астана қаласында іске қосуға арналған симпозиум барысында Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев мәлім етті.