Жаңа iPad қазан айының ортасында таныстырылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа iPad планшеттерінің БАҚ өкілдеріне арналған тұсаукесері 16 қазан күні ұйымдастырылады деп күтілуде, деп хабарлайды The Wall Street Journal.

Компания бұқаралық ақпарат құралдары үшін арнайы шара ұйымдастырып отыр. Бұл бағдарламаның басты өзегі жаңа iPad планшеттерін таныстыру болмақ. Сондай-ақ журналистер қауымына жаңа iMac компьютерлері, Yosemite операциялық жүйесі және Apple Pay төлем жүйесі паш етілмек. Бұдан бұрын хабарланғандай, Apple жаңа iPad-ты алтын түстес етіп шығармақ. Ол осыған дейін iPhone 5s смартфонын "алтын жалатылған" түрде шығарған еді.