Apple компаниясы смартфонының жаңа нұсқасына тапсырыс интернет арқылы да, телефон арқылы да жұма күні таң атпастан түсе бастаған. Дүйсенбі күні бағасы 199 бен 399 доллар арасында белгіленген жаңа телефонға деген тапсырыс бұған дейінгі рекордтан да асып түсті - 600 мың. iPhone 4-тің жаңартылған нұсқасы жарыққа шығысымен-ақ келесі күні сонша телефон сатып алынды - деп хабарлайды Америка дауысы.
Қаржы сарапшылары сатылым көлемінің аяқ асты өсіп кетуін өткен аптада қайтыс болған Apple компаниясының негізін қалаушысы және президенті Стив Джобсқа деген халықтың көрсеткен құрметіне балап отыр.