Жаңа iPhone мен iPad жария етілетін күн белгілі болды
03:15, 11 Наурыз 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Apple 21 наурызда Калифорния штатының Купертино қаласында өтетін шараға журналистерді шақырды. Онда компанияның смартфоны мен планшетінің жаңа модельдері жұрт назарына ұсынылады, деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі.
21 наурызда Apple көпшілікке жаңа өнімдері - iPhone SE (special edition - арнайы нұсқа) мен iPad-тың жаңғыртылған нұсқаларын таныстырады.
iPhone SE смартфоны iPhone 5S телефонына ұқсайды, бірақ барлық жағынан жақсартылған. Компанияның екінші гаджет - iPad планшетінің жаңа нұсқасы. Басында iPad Air 2 шығады деп күтілген, алайда кейінірек тараған мәліметке сенсек, 21 наурызда жұртқа жаңа iPad Pro нұсқасы таныстырылатыны анықталды. Онда стилус таяқша, алмалы-салмалы пернетақта болады.