Жаңа Каледонияда қуаты 7 балл жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Тынық мұхиттың Жаңа Каледония жағалауларының маңында магнитудасы 7 балдық қуатты жер сілкінісі болды.

Бұл жайлы АҚШ Геология қызметі хабарлайды.

Белгілі болғандай, табиғи апаттың эпицентрі Тадин қаласынан 120 шақырым шығыста орналасқан. Ал зілзала ошағы 14,9 км тереңдікте болған.

Қираған аймақтар мен құрбандар туралы әзірге мәліметтер жоқ.