КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Ақмола облысы аумағында карантин шектеу шараларын одан әрі қатаңдату туралы» өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2021 жылғы 31 шілдедегі №31 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қаулыда Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақыты белгіленіп отыр.
«Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі-ХҚО), оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-ның жұмысын сенбі және жексенбі күндері тоқтата тұрып, жұмыс күндері (дүйсенбі - жұма) сағат 9-дан 18-ге дейін ұйымдастырылсын, Көкшетау қаласында жұмыс режимі сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ХҚКО кезекші бөлімшелерін ұйымдастыруға жол беріледі. Азаматтар «Ashyq» қосымшасы арқылы қабылдансын», - делінген қаулыда.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.