«Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес 3 сәуірден бастап қоғамдық көлік демалыс күндері 06:00 мен 23:00 аралығында үздіксіз қызмет көрсететін болады»,- деп хабарлады «Almaty Avtobustary» компаниясы.
Құжатқа сәйкес, сауда орталықтары, сауда үйлері жұмыс күндері ашық болады, демалыс күндері жұмыс істемейді.
Жұмыс күндері азық-түлік сатылмайтын жабық базарлардың да қызметіне рұқсат берілді.
Ашық базарлар, сондай-ақ азық-түлік сатылатын жабық базарлардың қызметіне жұмыс күндері мен сенбіде рұқсат етіледі.
Қаулы бүгіннен бастап күшіне енеді.
Қаулының толық мәтіні Алматы қаласы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланған.