АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы бас санитария дәрігерінің міндетін атқарушы Сәдуақас Байғабыловтың жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құжатқа сәйкес, дүйсенбі 14 ақпаннан бастап мектеп оқушылары, колледж және университет студенттері офлайн форматта оқиды.
«Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарына штаттық форматта оқуға рұқсат етіледі», - делінген қаулыда.
Бұған дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкіметтің кеңейтілген отырысында барлық мектептерде оқу оффлайн режимге ауысатыны туралы айтқан болатын.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.