Жаңа қаулы: Қарағанды облысында кейбір шектеу шаралары жойылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осылайша, жаңа Қаулыға сәйкес келесі шектеу шараларының күшін жою туралы шешім қабылданды:

- «Ashyq» мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану, бұл ретте «жасыл» аймақта «Ashyq» қосымшасын субъектілер ерікті түрде пайдалана алады;

- әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптар;

- міндетті термометрия, үй-жайларға/объектілерге кіре берістегі термометрия нысан иесінің қалауы бойынша жүзеге асырылады;

- міндетті түрде ашық ауада бетперде кию, бетперде режимін сақтау үй-жайларда, қоғамдық көлікте және т.б. міндетті түрде сақталуы тиіс;

- COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер (қызмет көрсету саласының объектілері) үшін күндізгі режимде жұмысқа рұқсат беруді шектеу;

- вахталық әдіспен жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлері үшін вахтаға кіру және шығу кезінде ПТР әдісімен міндетті зертханалық тестілеу;

- COVID-19-мен ауырған адамдарда «жасыл» мәртебенің қолданылу мерзімі 3 айдан 6 айға дейін ұзартылды.

Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы құжаттың немесе екінші компонентті алғаннан кейін келесі санаттар үшін 6 айдан аспайтын уақыт өтсе, COVID-19-ға қарсы ревакцинацияны немесе вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжаттың болуы талабы жойылды:

- әскери бөлімдерден шығар алдында мерзімді әскери қызметтен кейін әскери қызметтен босатылған адамдар;

- серіктестік босануға қатысатындарға;

- пациенттерге, науқас баланы күту бойынша медициналық ұйымдарға, жүкті әйелдерге шұғыл және жоспарлы стационарға емдеуге жатқызу кезінде жатқызылатын адамдарға;

- гемодиализдегі пациенттер;

- ҚАЖ мекемелеріндегі адамдарға ұзақ мерзімді кездесуге келетін туыстарына.

Сондай-ақ, барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында талаптар алынып тасталды:

- әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтауға, бұл ретте білім беру және тәрбиелеу объектілерінде мерекелік іс-шараларды өткізу санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен қаулы талаптарын сақтай отырып, бір топ, бір сынып ішінде ғана мүмкін болады, топтарды, сыныптарды біріктіру іс-шараларына тыйым салынады;

- күнделікті «кіреберіс» сүзгісінде байланыссыз термометрия алынып тасталады.

Бұл ретте, «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және термометрияны жүргізу білім беру ұйымдары әкімшілігінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін.