Жаңа Қаулыға сәйкес, облыстағы объектілер өз қызметін «сары» аймақ үшін бекітілген өлшемшарттар негізінде жүзеге асыратын болады.
Түнгі клубтар «Ashyq» жүйесінде «жасыл» статусы бар келушілер үшін орын санын 70-тен асырмай, 50% дейін толымдылықпен жұмыс істей бастайды.
«Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері «сары» аймақта орналасқан өңірлерде - сағат 01.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 03.00-ге дейін рұқсат етіледі.
Демалыс күндері кәсіпорындарға қызметкерлері мен келушілерде «жасыл» мәртебе болған жағдайда (вакцинация; сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тестің болуы; КВИ-ге қарсы вакцинацияға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе КВИ-мен ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) жұмыс істеуге жол беріледі.
Сондай-ақ, сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне, медициналық-әлеуметтік объектілердің пациенттеріне (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және т.б.) келуге рұқсат етілді. Келушілерде COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын алғаны туралы құжат немесе коронавирусқа ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болуы қажет.
Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.