Құжатта «Ashyq» пилоттық жобасын қолдану арқылы театрлар мен караокелердің, банкет залдарының қайта жұмыс істеуіне рұқсат берілген.
«Республика аумағында «Ashyq» жобасына қатысушыларды кеңейту мақсатында мыналарды жобаға енгізуге рұқсат етілсін:
- бірінші кезеңде 2021 жылғы 14 сәуірден бастап:
кинотеатрлар;
театрлар және филармониялар;
банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі нысандарды қоспағанда қоғамдық тамақтану нысандары;
ерікті қатысушылар;
- екінші кезеңде 2021 жылғы 21 сәуірден бастап:
облысаралық және қалааралық жүйелі месе (туристік) тасымалдар;
бильярд клубтары;
концерт залдары;
- үшінші кезеңде 2021 жылғы 5 мамырдан бастап:
1) караоке;
2) жасыл аймақтағы банкет залдары (толтырылуы бір залда 50 адамға дейін, 1 келушіге кемінде 4 ш. метр)», - деп жазылған қаулыда.
2021 жылғы 26 сәуірден бастап кәсіпкерлік нысандарында «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру аяқталады және жоба Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріне таратылады.
Сондай-ақ, «Ashyq» пилоттық жобасын йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтарда, спа-орталықтарда, сауналар мен бассейндерде, PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтарда (16 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда) және боулинг клубтарда іске асыруды жалғастыру жазылған.