Павлодар облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, ауру белгілері болмаған жағдайда байланыста болған адамдарды үй карантиніне оқшауланбайды.
Рfizer вакцинасын салдыратындар тізімі кеңейтілді. Оған бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар және бастапқы курсты аяқтау үшін вакцинаның бірінші дозасын шетелде алған адамдар енгізілді. Сондай-ақ екпенің бұл түрін 50 жастан асқан адамдар да ала алады.
- Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткен сәтте егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаса, Қазақстан Республикасында ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған адамдарға құжаттық растауды ұсыну кезінде ПТР-тест жүргізу талап етілмейді. «Жасыл» немесе «көк» мәртебелері болған жағдайда ілесіп жүретін адамдар үшін білім беру ұйымдарына кіруге шектеулер алынып тасталды, - деп жазылған қаулыда.
Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылған COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы паспорт/сертификат/анықтама ұсынған адамдарға ПТР тест талап етілмейді.
Еске сала кетейік, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 21 ақпанда бастап Павлодар облысы «сары» аймаққа ауысты.
Қаулының толық мәтінін осы жерден оқуға болады.