Жаңа қаулы: Павлодар облысында ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесіне өзгертулер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігері Батырбек Әлиевтің жаңа қаулысына сәйкес, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына демалыс және мереке күндері тыйым салынған.

«Азаматтарға арналған үкімет» МК» ҮЕАҚ Павлодар облыстық филиалының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс режимі жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 09:00-ден бастап 18:00-ге дейін, сенбі, жексенбі және мереке күндері тыйым салынсын. Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 09:00-ден бастап 18:00-ге дейін, сенбі, жексенбі және мереке күндері тыйым салынсын», - делінген қаулыда.