Қаулы бойынша, коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жүргізуге тартылған медициналық ұйымдар шет елде екпе алған Қазақстан Республикасы азаматтарының мәліметтерін растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап «Вакцинация» модуліне енгізеді.
Сондай-ақ, «QazVac» вакцинасын алған Қазақстан Республикасы азаматтарының мәліметтерін Білім және ғылым министрлігі модульге енгізетіні айтылған.
«ҚР БҒМ растайтын ақпарат ұсынған жағдайда «QazCovid-in» («QazVac») вакцинасымен КВИ-ға қарсы екпе алған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты қызметкерлерінің КВИ-ға қарсы вакцинациялануы туралы мәліметтерді Модульге енгізеді». Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының жауапты адамдары Модульге КВИ-ға қарсы вакциналардың қозғалысы бойынша деректерді күн сайын енгізеді», - деп жазылған құжатта.