ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, «Ashyq» жобасына қатысатын нысандар «жасыл» және «көк» статусы бар адамдар үшін эпидемиологиялық жағдайдың «жасыл» және «сары» аймақтарында – шектеусіз жұмыс істейді. Ал «қызыл» аймақта – толымдылығы 70%-дан асырылмауы керек.
«Сауда, ойын-сауық орталықтары, бассейндер, түнгі клубтар, караоке-барлар жұмысына қатысты шектеулер алынып тасталды. Сондай-ақ көрме, марафон, спорттық, салтанатты, отбасылық іс-шара (банкет, ас беру), конференция, форум және адам көп жиналатын өзге де іс-шаралар өткізуге қатысты тыйым алынды. Енді балалардың ойын-сауық орталықтары, лотерея клубтары мен букмекерлік кеңселердің толымдылығына қатысты шектеулер жоқ», - делінген құжатта.
Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдары, колледждер және жоғары оқу орындары, интернаттар және жатақханаларға балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдеріне «жасыл» немесе «көк» статус болған жағдайда кіруге рұқсат берілді.