Осы мәселе жөнінде депутаттық топ жетекшісі Қайрат Сәдуақасов ҚазАқпарат тілшісіне түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мұндай жүлдені белгілеу өзіміздің жылдық жоспарымыздабелгіленген. Қазақстан халқы Ассамблеясы жүлдесімен этносаралық келісімді және ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталатын болады. Қазақстан халқы Ассамблеясының жүлдесі елдің іргесін нығайтуға қосқан үлесіміз болып табылады»,- деді Мәжіліс депутаты Қайрат Сәдуақасов.