Жаңа Қазақстанды құруда азаматтық қоғамның идеялары мен пайымы аса қажет - Ирина Терентьева

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Азаматтық альянсының төрайымы Ирина Терентьева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтық қоғамға деген жоғары сенімін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні Президент көтеріп отырған әрбір мәселе азаматтық секторға тікелей қатысты. Өйткені, қазір қоғам моральдық тұрғысынан шаршап, өзгерістер күтіп жүр. Биылғы қаңтардағы оқиғалар сонының бір айғағы іспеттес. Осыдан-ақ мемлекетке Жаңа Қазақстанды құруда азаматтық қоғамның идеялары мен пайымы аса қажет екенін түсінуге болады. Мемлекет басшысы Жолдауда көп мәселені қозғады. Бұл мемлекет пен қоғамның байланысын нығайтып, одар әрі дамуында нақтылы бір нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді» - деді И.Терентьева.

Оның сөзінше, Президент азаматтық қоғамға сүйене отырып, Қазақстанның Даму стратегиясы айқындады. Оның ішінде суперпрезиденттік басқару жүйесінен мықты Парламенті бар президенттік республикаға түпкілікті көшуді ұсынды. Бұл әрине, еліміздің одан әрі дамуын нығайта түседі. Партиялар үшін жағдайлардың теңдігі мемлекеттегі саяси күштердің дамуының тепе-теңдігіне әкеледі. Әкімдерді тағайындау кезінде кадрлық мәселелерде балама пайда болады.

«Соңғы жылдары тағайындаулардың болжамдылығы қоғамның билікке деген сеніміне қатты нұқсан келтіргені жасырын емес. Бұл әлеуметтік шиеленісті жеңілдетеді. Өйткені экономикалық және әлеуметтік теңсіздік сайлау кезеңіндегі қоғамның көңіл-күйіне қатты әсер етеді. Прокуратура және адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы заңдарға конституциялық заңдар мәртебесін беру Адам құқықтары жергілікті деңгейде қорғалатынына және әділеттілікке қол жеткізудің ең соңғы шарасы ретінде Конституциялық сотқа жеткізілмейтіндігіне үміт береді. Бұл заңдар мен сот органдарының әділдігіне сенімді болуға мүмкіндік береді және еліміздің басты Заңында жазылған құқықтар мен бостандықтарды білетін адамдардың ағымына әкеледі», - деп қосты И.Терентьева.

Қоғам қайраткері атап өткендей, Конституциядан өлім жазасын алып тастау бізді өркениетті әлемге жақындатып қана қоймайды, сонымен қатар адам өмірін қиюға болмайтынын түсіндіреді. Бұл сұрақ бүгінде әлемді толғандырып отырған өзекті мәселе.

«Барлық ұлттық жобалар мен стратегиялық құжаттарды қоғамдық талқылау сарапшылар мен ҮЕҰ қатысуымен өтетіні сөзсіз. Азаматтық қоғамның кез келген мәселеде айтары бар», - деп түйіндеді И.Тереньтева.