Жаңа кедендік объектілер салынып жатыр

None
АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - 19 сәуірде Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің комиссиясы Ақтаудың жаңа 31 шағынауданындағы Кеден департаментінің Әкімшілік ғимараты,

«Батыс» шекараны мониторингтеу өңіраралық орталығы, «Кеден» Спорттық кешені салынып жатқан құрылыс орындарында болып қайтты, деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.

Әрбір салынып жатқан нысан қазіргі заманға сай техникамен жабдықталған және өздеріне өңірлік кеден қызметі үшін үлкен мемлекеттік және әлеуметтік маңыздылықты жүктейді. Сонымен, жаңа әкімшілік ғимаратта Аймақтық кеден зертханасы, Кедендік ресімдеу орталығы, мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқытатын кабинеттер орналасатын болады. «Батыс» ШМӨО техникалық жарақтандыру бойынша Батыс Қазақстанда бірегей болып табылады және Кеден одағының сыртқы шекарасындағы оңтүстік-батыс қазақстандық учаскесін бақылайды.