Бұл кешеннің құрылысы «Қазақстан – Қытай» мұнай құбыры өнімділігін арттыру бағдарламасының «Кеңқияқ – Атырау» мұнай құбыры реверсі жобасы аясында жүзеге асырылды.
«Аман» мұнай айдау станциясындағы III іске қосу кешенінде өндірістік емес объектілер де орналасқан. Олардың ішінде әкімшілік ғимарат, 74 орындық жатақхана, асхана және спорт алаңы бар. Бұл нысандар вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшыларға қолайлы жағдай жасау үшін берілді.
Оған қоса «ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасының «Екібастұз» мұнай айдау станциясында заманауи сервистік-тұрмыстық кешеннің құрылысын аяқтады. Жаңа кешенде асхана, инженерлік-техникалық қызметкерлерге арналған кеңсе бөлмесі, 35 орындық акт залы және демалыс бөлмесі бар. Барлық нысандар жиһаздармен және техникамен жабдықталған.
Сонымен қатар, «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының «Әлібекмола» бас мұнай айдау станциясында 64 орындық үш қабатты жатақхананың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. Ғимаратты 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.
Бұл бастамалардың жүзеге асуы «ҚазТрансОйл» АҚ өз жұмыскерлеріне қолайлы жағдай жасап, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға басты назар аударатынының дәлелі. Компания жұмыскерлерінің өмір сүру сапасына ерекше назар аудара отырып, көмірсутегі ресурстарды сенімді және тиімді тасымалдауды қамтамасыз ету үшін нысандарын жаңартуды жалғастыра береді.
«КазТрансОйл» АҚ — магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың еншілес ұйымы. Ұзындығы 5,4 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбырларына иелік етеді және 5 мың км-ден астам сырт ұйымдар құбырларына қызмет көрсету бойынша операторлық қызметтер атқарады.