Жаңа кодекс қабылдау арқылы шешіледі – Тоқаев бюджет саясатын реформалау туралы

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет саясатын жетілдіру мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Енді аса маңызды мәселе - бюджет саясатына тоқталайық. Өткен жылы мен «бюджетті басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» көшу арқылы бюджеттік жүйені реформалауды тапсырдым. Бұл міндет бюджеттік процеске қатысушылардың ашықтығын, жауапкершілігі мен дербестігін арттыратын жаңа кодексті қабылдау шеңберінде шешілетін болады. Сонымен қатар, бюджет саясатының тиімділігін одан әрі арттыру үшін үнемі жаңа құралдар мен мүмкіндіктерді іздеу қажет. Сондықтан, Үкіметке бірнеше министрліктер мен өңірлер шеңберінде пилоттық режимде толық блоктық бюджет жобасын енгізуді тапсырамын», - деп ұсыныс білдірді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, дәл қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.