Жаңа компьютерлік технологиялар сот амалдарының ашық өтуін қамтамасыз етеді ? Павлодар облысы

None
ПАВЛОДАР. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының соттарында сот амалына қатысушылардың дауыстарын естуге мүмкіндік беретін көпарналы жазба жасайтын «Ізет» фирмасының бейнежазбасы қолданылатын болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл күндері республиканың алты сотында табысты жұмыс істеп жатқан ЮСАИД-тың бұл жобасы сот амалдарының барысының ашықтығын қамтамасыз етеді. Павлодар облыстық сотында «Ізет» фирмасының қызметкерлері сот мәжілістерінің хатшылары үшін сот барысының ашықтығын қамтамасыз етіп қоймай, сот хаттамаларының сапалы жүргізілуіне де оң әсерін тигізетін бейнежүйемен жұмыс істеу жөніндегі тренинг өткізді.