Бұл бастама зағип және нашар көретін азаматтардың Ата Заңды оқуына мүмкіндік беріп, олардың құқықтарын қорғауға және қоғам өміріне белсенді араласуына ықпал етеді.
Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, заң саласының мамандары мен осы бағытта жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Жиын барысында қатысушылар Брайль қарпінде жарық көрген Конституцияның маңызына тоқталып, Ата Заңның баршаға бірдей қолжетімді болуы қоғамдағы теңдік пен әділет қағидаттарын нығайтатынын атап өтті.
Алдағы уақытта Брайль қарпімен басылған Конституцияның даналары өңірлердегі арнайы кітапханалар мен зағип және нашар көретін азаматтарға қызмет көрсететін мекемелерге жолданады.
Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасағанын жазғанбыз.