Жаңа Конституция келешекте басқа елдерге де үлгі мен бағдар болады – Ерлан Қарин
АСТАНА. KAZINFORM – Конституцияда алғаш рет азаматтардың цифрлық кеңістіктегі құқықтарын қорғау нормасы бектіледі. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин айтты.
- Екінші – Конституция жаңа мәтінің жаңа талаптарға сай жазылуы. Біз цифрлық дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Азаматтар мен мемлекеттің қарым-қатынасы бүгінде цифрлық кеңістікте жүзеге асып жатыр. Енді міне Конституцияда алғаш рет азаматтардың цифрлық кеңістіктегі құқықтарын қорғау нормасы бектіледі, - деді Мемлекеттік кеңесші.
Оның атап өтуінше, жеке деректерді қорғау бүгінде адам құқықтарын қорғаудың жаңа өлшемі ретінде айқындалады
- Бұл Конституцияның болашаққа бағытталғанын көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда жаңа Конституция келешекте басқа елдерге де үлгі мен бағдар болады деп ойлаймын,- деді Ерлан Қарин.
Бұған дейін Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков жаңартылатын Конституцияның кіріспесіндегі өзгешеліктерді тәрбие құралы ретінде бағалады.